Футбол: Кахабер Цхададзе «Каспийдің» бас бапкері қызметінен кетті
17:34, 13 Сәуір 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан грузиялық маман Кахабер Цхададзе Ақтаудың «Каспий» командасы бас бапкері қызметінен кетті. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті жанкүйерлер, екі тараптың келісімі бойынша бас бапкері Кахабер Цхададзе командамыздан кеткенін хабарлаймыз. Алдағы уақытта сәттілік тілейміз және бізбен бірге болғаныңызға рахмет айтамыз», - деп жазылған хабарламада.
Грузиялық маман ақтаулық клубқа биылғы жылы бас бапкер қызметіне келді.
Команда Премьер-лиганың бес турының барлығында жеңіліс тапты. Турнир кестесінде соңғы орында тұр. Қарсыластар қақпасына небәрі төрт гол соғып, өз қақпасына он үш гол жіберіп алған.