Итальяндық ақпарат көздері бұл туралы жарысып жазуда. Бейресми ақпарат бойынша, «Реал» басшылығы Каканы «Миланға» тегін беруге келіскен екен.
Бразилиялық, өз кезегінде, «россонеримен» екіжылдық келісімшартқа қол қойып, маусымына бес миллион еуро алып отырады.
Кака «Милан» сапында 2003-2009 жылдары өнер көрсеткен.