Футбол қақпасы баланы басып қалды

None
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – Ақтөбеде темірден жасалған футбол қақпасы 6 жасар баланы басып қалды. Бала алған жарақат салдарынан көз жұмды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше оқиға сейсенбі күні кешке «Нефтянник» стадионында орын алған. Оқиғаның мән-жайы туралы ештеңе айтылмайды.