ФУТБОЛ: Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасынан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасының үшiншi раундында сырт алаңда хорватиялық «Хайдук» командасынан 0:3 есебiмен жеңiлiп, плей-офф кезеңiне өте алмай қалды.

Ең бiрiншi 14-ші минутта Тино-Свен Сушич көзге түссе, 36-шы минутта Антон Маглица командасына плей-офф раундына шығуына мүмкiндiк бердi. Ал ойынның соңғы минуттарында Сандро Готаль есептi 3:0-ге жеткiздi.

Еске сала кетейiк, Қарағандыда өткен бiрiншi матчта «Шахтер» хорватиялық клубты 4:2 есебiмен тiзе бүктiрген болатын.