НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейлік маман Магомед Адиев қарағандылық «Шахтер» командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шахтер» футбол клубы мәлім еткеніндей, 43 жастағы маман «Нижний Новгород», «Ахмат» (Грозный), «Анжи» (Махачкала), «Чайка» (Песчанокопское) сияқты командаларда жұмыс істеген.
Футболшы ретінде ЦСКА (Мәскеу), «Анжи», «Сокол» (Саратов), «Жеңіс» (Нұр-Сұлтан), «Терек» (қазір «Ахмат»), «Кривбасс» (Кривой Рог) және «Нижний Новгород» клубтарында доп тепкен.
Ресей олимпиадалық құрамасы сапында төрт матч өткізіп, екі гол соқты.
2004 жылы «Теректің» құрамында Ресей кубогын иеленді. Сондай-ақ екі мәрте (2004, 2007) Ресей чемпионаты бірінші дивизионының жеңімпазы атанды.
М.Адиев «Шахтерде» Али Алиевті алмастырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» пен «Ақтөбе» сырт алаңда жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.
Оралдықтар өткен турда елордада «Шахтерден» басым түскен еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).