НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-лигада өнер көрсететін Ақтаудың «Каспий» клубын сербиялық Срджан Благоевич жаттықтырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Каспий» футбол клубының мәлімдеуінше, бапкермен келісімшартқа қол қойылған.
С.Благович жаңа маусымда бас бапкер міндетін атқарады. Бұған дейін сербиялық маман өз елінде «Сремчица», «Ковачевац», «Срем», «Жарково», ИМТ, «Бежания», «Явор» және Сербия суперлигасында ойнайтын «Инджия» клубын жаттықтырған.
С.Благович 46 жаста, ол УЕФА-ның «PRO» санатты жаттықтырушы атағына ие.
Айта кетейік, ақтаулық команда өткен жылы бірінші топта екінші орынға ие болып, премьер-лигаға жолдама алған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).