АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 9-турында «Қайрат» «Ақтөбені» жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Десе де бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.
Екінші кезеңде 51-минутта ақтөбелік клубтан Элдер Сантана есеп ашты.
Одан кейін «Ақтөбе» сапынан Жоао Паоло 61, Артур Шушеначев 81-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Қайрат» қарыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Енді аталған турда «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай) ойыны өтіп жатыр. Әзірге есеп- 0:0.
Еске салсақ, 13 мамырда «Каспий» «Ақсудан», «Қызылжар» «Жетісудан» 1:0, «Атырау» «Шахтерден», «Ордабасы» «Мақтаралдан» 2:1 есебімен басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.