Тартысты ойында есепті «қайраттық» Роберт Арзуманян ашты. Кейін ақтөбелік Юрия Логвиненко есепті теңестірді. Бірақ бұл көрсеткіш ұзақ сақталмады, араға екі минут салып Жерар Гоу қайта «Қайратты» алға шығарды.
Екінші таймда Гоу қарсылас қақпасына үшінші голды дарытты. Ойынның 85-інші минутында соңғы жеңісті голды Аслан Дарабаев салды. Есеп 4:1.