Қазірге дейін турнир кестесіндегі командалар жағдайы түрліше еді. Алғашқы үш турда екі мәрте жеңіске жетіп, бір мәрте тең түскен алматылық «Қайрат» алтыншы орында тұрған еді. Ал қарағандылық «Шахтер» бірде-бір ұпайға ие бола алған жоқ. Салдарынан турнир кестесінде төменгі орынның бірін місе тұтты.
Кездесу барысында командалар ойын басынан гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Десе де бір-бірінің қақпасы маңында шабуыл ұйымдастырғанмен көздеген нысананы дәл көздей алмай жатты. Ойынның 75-минутында «Шахтер» ойыншысы Рохер Каньяс мергендік танытты. Ал 86-минутында оның командалас әріптесі Франсиско Кампо Мина өз қақпасына гол соғып алды.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Енді төртінші турда бүгін, 1 сәуірде «Ақсу» мен «Мақтарал» кездеседі.
Ал 2 сәуірде «Жетісу» мен «Тобыл», «Ақтөбе» мен «Қызылжар», «Атырау» мен «Оқжетпес», «Астана» мен «Ордабасы» ойнайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық «Қайсар» сырт алаңда ақатулық «Каспийден» басым түсті.