Әр таймда бір голдан соғып отырған Азат Нұрғалиев Қостанай командасына жеңіс сыйлауы тиіс еді. Айта кетейік, 14-турда «Атырауға» қарсы ойнаған кезде де Нұрғалиев осылай қатарынан екі рет гол соққан болатын.
Дегенмен, ойынның 84-ші минутында Азат Нұрғалиев екінші рет сары карта алып қалды да, саны жағынан басым қызылордалықтар екі рет гол соғып үлгерді. 90-шы минутта Джа-Джедже, ал 95-ші минутта Тағыберген пенальти жасады.
Енді «Тобылдың» - 33, ал «Қайсардың» - 20 ұпайы бар.