Футбол: «Қайсар» Премьер-лигаға жолдама алды

Фото:
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл турдағы негізгі кездесу Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен Талдықорғанның «Жетісу» командалары арасында өтті. Алаң иелері үшін тең ойын алдағы жылы Премьер-лигаға жолдамаға қол жеткізуге мүмкіндік беретін.

Кездесу барысында екі команда да алға қарай ұмтылды. Дегенмен таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Нәтижесінде қызылордалық команда алдағы жылы Премьер-лигаға жолдама алды.

Бұдан бұрын Премьер-лигаға жолдамаға Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы ие болды.

Аталған турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

«Игілік» (Жамбыл облысы) - «Тараз-Қаратау» (Жамбыл облысы) 0:7

«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Екібастұз» (Павлодар облысы) 4:0

«Қыран» (Шымкент) - «Қайрат жастар» (Алматы) 2:4

«Шахтер- Болат» (Қарағанды) - «Жеңіс» (Астана) 0:1

«Яссы» (Түркістан) - «Академия Оңтүстік» (Шымкент) 0:0

Аталған турдағы «Байқоңыр» (Қызылорда) - «Астана жастар» (Астана) кездесуі 29 қазанға белгіленген.

Енді 26-тур ойындары 5 қараша күні өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» қатарынан бес мәрте жеңіске жетті.




Фото: fckaysar.kz