Футбол: «Қайсар» «Шахтерді» жеңіп кетті
Аталған турдағы алғашқы ойын күнін Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен Қарағандының «Шахтері» қорытындылады.
Командалар биылғы біріншілікті сәтсіз бастады.
Төрт ойыннан кейін небәрі төрт ұпай жинаған «Қайсар» тоғызыншы орында тұрса, «Шахтер» небәрі бір ұпаймен он екінші орынды місе тұтты.
Командалар бірден шабуылға көшті. Нәтижесінде 3-минутта қарағандылық клубтан Иван Свиридов есеп ашты.
Одан кейін «Қайсар» сапынан Горан Милойко 19, Әділет Кеңесбек 39-минутта екі гол соқты
Осылайша «Қайсар» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Оқжетпес» «Ақсуды» - 3:0, «Мақтарал» «Каспийді» - 3:1, «Қызылжар» «Атырауды» - 1:0 есебімен тізе бүктірген еді.
Енді 9 сәуірде «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған), «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана», «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары кездеседі.