Футбол: Қазақстан-Армения матчына билеттердің онлайн сатылымы басталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан және Армения құрамалары арасында 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін матчына билеттердің онлайн сатылымы басталғандығын хабарлады.

Билеттерді  www.ticketon.kz  және  www.kff.kz сайттары арқылы алуға болады.

4 қазаннан бастап билеттер «Астана Арена» стадионының кассаларында сатыла бастайды. Билет бағасы 1000 теңгеден 5000 теңгеге дейінгі аралықта болмақ.