Атап айтқанда, ертең Франция мен Румыния командалары арасындағы ойынды жанкүйерлер сағат 00-40-та көре алады.
Сондай-ақ бірқатар кездесулерді «Kazsport» телеарнасы да тікелей эфирде ұсынбақшы. Мысалы, 11 маусым күні «Албания - Швейцария» командалары алаңға шығады, ол кездесуді сағат 18-50-де «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде ұсынады деп күтілуде.
Сол 11 маусымда «Қазақстан» ұлттық телеарнасы сағат 00-50-де Англия мен Ресей командалары арасындағы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Еуропа чемпионаты 10 шілдеге дейін созылатыны белгілі. Қазақстан жанкүйерлері «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Kazsport» телеарнасы арқылы барлық кездесулерді көру мүмкіндігіне ие болып отыр.