Футбол: Қазақстан чемпионаты матчтарының күнтізбесіне өзгерістер енгізілді

АСТАНА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты матчтарының күнтізбесіне бірқатар өзгерістер енгізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қазақстан футбол федерациясының дерегі бойынша, 16-ыншы турдағы «Ақтөбе» мен «Жетісу» матчы шілденің 25-інен біршама кейін мерзімге шегерілді. «Тобыл» мен «Ертіс» арасындағы 15-інші турдың бұған дейін ауыстырылған матчының өткізілетін мерзімі тамыздың 4-іне белгіленді.

  «Қайсар»-«Тобыл» және «Оқжетпес»-«Ордабасы» командалары арасындағы 16-ыншы турдың ойындары шілденің 26-ынан тиісінше шілденің 28-іне және 24-іне ауыстырылды. «Тобыл»-«Қазақмыс», «Қызылжар»-«Ертіс» командалары арасындағы 17-інші турдың кездесулері тамыздың 2-сінен шілденің 31-іне, «Ертіс» пен «Оқжетпес» арасындағы 18-інші турдың матчы тамыздың 9-ына, осы турдағы «Локомотив» пен «Ордабасы» ойыны тамыздың 9-ына ауыстырылды.