Соңғы ойында Тәжікстан Литваны жеңіп, 6 ұпай алып, топ жеңімпазы атанды. Екінші орында Оңтүстік Африка Республикасының футболшылары тұр, үшінші орынды Қазақстан командасы иеленді. Квартетті Литва елінің спортшылары түйіндеді.
Ертең Астана уақыты бойынша сағат 17:15-те жарыстың ширек финалдық ойыны өтеді. Бұл матчта Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездеседі.