Билеттер 4,5,6 қыркүйекте стадион кассасында сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін сатылады. Олар түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Сондай-ақ матчтың электронды билетін ticketon.kz сайтынан алуға мүмкіншілік қарастырылған.
Еске сала кетсек, «Астана-Аренада» 6 қыркүйек күні сағат 20:00-де Қазақстан мен Грузия командалары кездеседі.
Сондай-ақ, қазақстандықтар УЕФА-ның жаңа турнирі - «Ұлттар Лигасын» Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан тамашалай алады.