1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осылайша, бііздің футболшылар елордадағы «Астана-Арена» стадионына жиналған мыңдаған жанкүйерлдердің үмітін ақтамады. Сөйтіп, Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Англия, Хорватия, Украина, Беларус және Андорра құрамаларымен бірге «Ғ» тобында сынға түскен жерлестеріміз өз тобында бесінші орынға тұрақтады. Жерлестеріміз іріктеу турнирі аясында өткізген он ойынның бар-жоғы екеуінде ғана жеңіске жетті, қалғандарында қарсыластарына қауқар көрсете алмады. Бұл топтан топ жарған Англия бірден Әлем біріншілігіне жолдама алды. Екінші орынды иеленген Украина әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне қатысу мүмкіндігін сақтап қалды. 6-шы топта бұдан кейінгі орындарды Хорватия, Беларус, Қазақстан және Андорра құрамалары иеленді.
Жалпы бүгінге дейін Әлем чемпионатына қатысатын 32 команданың 23-і анықталды. Олар: Дания, Швейцария, Словакия, Германия, Испания, Англия, Сербия, Италия, Голландия, Аргентина, Бразилия, Парагвай, Чили, Гондурас, Мексика, Кот-д'Ивуар , Гана, АҚШ, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея.