Есте болса, бірінші таймның 20 минутында Бастиан Швайнштайгер алғашқы гол соғып, арада екі минут өткенде оның командаласы Марио Гетце есепті еселей түскен еді. Ал екінші таймның 73 минутында Томас Мюллер үшінші голдың авторы атанды.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өтіп жатқан матчқа грекиялық Тасос Какос төрелік жасауда.
01:33, 23 Наурыз 2013
Футбол: Қазақстан қақпасында тағы да доп тулады, есеп 0:3
АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Елорданың «Астана Арена» стадионында өтіп жатқан Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчының екінші таймында неміс құрамасы тағы да гол соқты.