Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрмен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойынға ирландиялық төрешілер қазылық жасайтын болды.
Жолдастық кездесу Ларнака қаласындағы «Антонис Пападопулос» стадионында өтеді. Бас төреші қызметін Роберт Харви атқарады. Алаң жиегінде Роберт Кларк пен Уэйн Макдонелл көмектеседі.
Кипр мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Әзірге ешқандай қазақстандық телеарна бұл ойынды алдын ала хабарламады және ғаламтордағы трансляция арқылы көрсету туралы да ештеңе айтылған жоқ.