НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы ширек финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, 27 наурызда Қазақстан кубогының алғашқы іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Ал 10 сәуірде еліміздің сегіз қаласында футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалдық кезеңі ойындары өткен болатын.
Жарыстың ширек финалына Семейдің «Алтай», Павлодардың «Ertis», «Қайрат», Қызылорданың «Қайсар», Шымкенттің «Ордабасы», Қостанайдың «Тобыл» және «Тараз», «Атырау» командалары жолдама алған еді. Бұл командалар ширек финалдағы қарсыластарын анықтады.
Енді «Қайрат» пен «Тобыл», «Тараз» бен «Ордабасы», «Алтай» мен «Атырау», «Ertis» пен «Қайсар» командалары кездесетін болды. Ширек финал ойындары 8 мамырда өткізіледі. Жарыстың аталмыш кезеңі бір ғана ойыннан тұрады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.