Футбол: Қазақстан кубогы үшін жарыстың 1/8-ші финалының бірінші ойындарының нәтижелері

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Қазақстан кубогы үшін жарыстың 1/8-ші финалының бірінші ойындары өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл кезеңде басты ойын Ақтөбенің «Ақтөбе» және Астананың «Локомотив» клубтары арасында өтті. Ойын 1:0 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына шешілді. Қалған кездесулердің нәтижесі мынадай: «Восток» (Өскемен) - «Қызылжар» (Петропавл) 0:1, «Ертіс» (Павлодар) - «Ордабасы» (Шымкент) 3:0, «Шахтер» (Қарағанды) -«Оқжетпес» (Көкшетау) 4:1, «Қазақмыс» (Сәтбаев) -«Қайсар» (Қызылорда) 1:3, «Тараз» (Тараз) - «Тобыл» (Қостанай) 1:1. Айта кетейік, бұған дейін тартылған жеребенің нәтижесінде Талдықорғанның «Жетісу» және Атыраудың «Атырау» клубтары келесі кезеңге талассыз өткен болатын. Ширек финалдың қарымта кездесулері маусымның 23-інде болады. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған клубтар ширек финалға шығады.