Футбол: Қазақстан кубогы үшін жарыстың ширек финалының алғашқы екі ойыны өтті

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше футболдан 2009 жылғы Қазақстан кубогы үшін жарыстың ширек финалының алғашқы екі ойыны болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тараз» Талдықорғанның «Жетісу» клубын қабылдап, 0:1 есебімен ұтылып қалды. Павлодарда жергілікті «Ертіс» пен Қарағандының «Шахтер» командалары арасындағы  ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Қарымта кездесу қазанның 3-і күні өтеді.

 Ширек финалдағы басқа матчтар, атап айтқанда «Ақтөбе» мен «Восток», «Қайсар» мен «Атырау» арасындағы ойындар біршама кейін мерзімге шегерілді. Екі ойынның қорытындысы бойынша анықталатын бұл жұптардың жеңімпаздары жартылай финалға шығады.