Футбол: Қазақстан кубогының алғашқы айналымының жеребесі тартылды

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан 2009 жылғы Қазақстан кубогының алғашқы айналымының жеребесі тартылды. Бұл кезеңде бірінші лига мен Премьер-лига командалары бір-бірімен кездесетін болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, ойындар сәуірдің 25-і күні бірінші лига командаларының алаңдарында өтеді. Жеребеге сәйкес алғашқы айналымда мына командалар кездеседі: Ақтөбе-Жас (Ақтөбе) ? Қайсар (Қызылорда) Ақжайық (Орал) ? Атырау (Атырау) Екібастұз (Екібастұз) ? Шахтер (Қарағанды) Түркістан (Түркістан) ? Тараз (Тараз) Гефест (Қарағанды) ? Локомотив (Астана) Болат (Теміртау) ? Қазақмыс (Сәтбаев) Каспий (Ақтау) ? Ақтөбе (Ақтөбе) Қарасай-Сарбаздары (Қаскелең) ? Тобыл (Қостанай) Іле-Сәулет (Алматы облысы) ? Восток (Өскемен) Спартак (Семей) ? Ертіс (Павлодар) Айжарық (Шымкент) ? Жетісу (Талдықорған) Қайрат (Алматы) ? Қызылжар (Петропавл) ОСШИОСД (Тараз) ? Ордабасы (Шымкент) Намыс (Астана) ? Оқжетпес (Көкшетау).