Футбол: Қазақстан Кубогының төрт матчын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Кубогының топтық кезеңінің бірінші турының төрт матчы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

19:00-де «Ақтөбе» – «Ақжайық» ойыны басталмақ, 20:00-де «Каспий» – «Тұран» мен «Атырау» – «Мақтаарал» кездесуі болады, ал 21:00-де «Ордабасы» – «Шахтер» матчы басталмақ. Көрсетілген уақыт – астана уақыты.

Матчтар «Qazsport» және «Q Sport Extra» телеарналарында көрсетіледі.