ФУТБОЛ: Қазақстан құрама командасы Исландиямен тең ойнады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Рейкьявик қаласында кездескен Қазақстан құрама командасы мен Исландия футболшылары арасындағы матч қорытындысы теңбе тең болды, есеп: 0:0. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлады.

Ойын нәтижесі бойынша, енді Исландия Чехиядан кейін Францияда өтетін Еуропа чемпионатына жол ашты. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Чехия құрама командасынан 2:1 есебімен ұтылып қалған болатын.