деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, біздің команда қазанның 10-ында сырт алаңда Беларус құрамасымен кездеседі. Ал, қазанның 14-інде елордадағы «Астана-Арена» стадионында Хорватияны қабылдайды. Бұл ойын сағат 21:30-да басталады.
Айта кетейік, 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Англия, Хорватия, Украина, Беларус және Андорра құрамаларымен бірге «Ғ» тобында сынға түсуде. Біздің команд іріктеу кезеңі аясында бүгінге дейін барлығы сегіз кездесу өткізіп, соның екеуінде жеңіске жетті, қалғандарында ұтылып қалды. Сөйтіп олар сегіз ойыннан кейін 6 ұпай жинап, өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді.