Футбол: Қазақстан құрамасы Черногориядан жеңіліп қалды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Футболдан 2018 жылы өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында ұйымдастырылған кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы Черногориядан 3:0 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Іріктеу кезеңінің жетінші «Е» тобындағы матч бүгін «Астана Арена» стадионында болды. Есепті 31 минутта меймандар ашты. Черногориялықтардан қорғанысты бұзып шыққан Вешович Томислав Лория қапы қалдырды. Командаласының ұпайын 53 минутта Бечирай Фатос допты баспен ұрып еселесе, 63 минутта Симич Марко есепті 3:0-ге жеткізді.

Бірнеше мүмкіндік болды дегенімен, ұлттық құрамамыз алаң қонақтарынан айласын асыра алмады. Матчтың екінші таймына қосымша 3 минут қосылғанымен, қазақстандық футболшылар жағдайды түзей алмады. Қорытынды есеп - 3:0. Жеңіс алаң қонақтарында.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы әлі де «Е» тобындағы аутсайдерлердің бірі болып тұр.

Соңғы жаңалықтар