ФУТБОЛ: Қазақстан құрамасы Франциядан 17:0 есебімен жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2017-нің іріктеу турында Франция командасынан ойсыра жеңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы турдағы кездесу 17:0 есебімен франциялық қыздардың пайдасына шешілді. Алғашқы таймда қарсыластар Қазақстан қақпасына 13 гол салды.

Іріктеу матчы Шотландияда өтіп жатыр. Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 12 қазан күні турнир иелерімен кездеседі, ал үш күннен соң Хорватиямен ойнайды.

Бірнеше күн бұрын футболдан Қазақстан ерлер құрамасы черногориялық қарсыластарынан оңбай жеңіліп, матч 0:5 есебімен аяқталған болатын. Бас бапкер бар кінәні өз мойнына алған еді.  

Дереккөз: Vesti.kz.