Футбол: Қазақстан құрамасы Мальтамен жолдастық кездесу өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасы маусым айында Мальтамен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті. Кездесу Аустрияның Вольфсберг қаласындағы «Лавенталь Арена» стадионында 7 маусымда болады.

Екі құрама бұған дейін 2003 жылы Мальта астанасы - Валетта қаласында шеберлік байқасты. Онда 2:2 есебі тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 маусымда күні Қазақстан құрамасы Косово астанасы - Приштина қаласында сол елдің футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатына Еуропа құрлығындағы іріктеу кезеңінде Қазақстан D тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Франция, Украина, Финляндия, Босня және Герцоговина.

Әзірге екі кездесу өткізді. Өз алаңында Франциядан 0:2 есебімен жеңіліп, сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті. Екі ойында бір ұпай жинаған Қазақстан құрамасы бесінші орында тұр.