ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Еркін Тапалов Оралдың «Ақжайығынан» «Тұранға» ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістандық клубтың баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Е.Тапаловпен келісімшартқа қол қойылған.
Орал футболының түлегі Еркін Тапалов өткен маусымда «Ақжайық» сапында 25 матч өткізіп, 2 гол соқты. Ол сондай-ақ Қазақстан құрамасына шақырылып, алғашқы кездесулерін өткізген болатын.
Е.Тапалов өзінің Инстаграмдағы парақшасында басқа клубқа кететінін мәлімдеп, «Ақжайық» командасының басшылығына, өткен жылы қолдау көрсеткен жанкүйерлердің бәріне алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Литва құрамасының ойыншысы «Ақжайыққа» алынғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).