НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасының наурыз айының соңғы күндеріне жоспарланған екі жолдастық кездесуі өткізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан фтбол федерациясына сілтеме жасап.
Бұл жөнінде федерация президенті Әділбек Жақсыбеков мәлім етті. Бұл шешім COVID-19 коронавирусы таралу қаупінің алдын алуға бағытталған.
Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы 27 және 30 наурызда Армения және Литва құрамаларымен жолдастық кездесу өткізу тиіс болатын.
Бұдан бұрын футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты келесі жылға ауыстырылды
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.