ҚР Футбол федерациясы таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан қыздар құрамасы кездесудің оныншы минутында есеп ашты. Гол соққан Қазақстан құрамасының капитаны - Лейла Садықова. Өзбекстан құрамасы араға он минут салып таразы басын теңестірді. Көзге түскен Камола Эркинова болатын.
Екінші тайм толықтай Қазақстан құрамасының басымдығымен өтті. Кездесудің 72-минутында Қазақстан құрамасының капитаны Лейла Садықованың гол соғатын мүмкіндігі болды. Ал, ойынның соңғы минутында Сабина Махаматова тура соққы жасады. Екі сәтте де соққыны кездесудің үздік ойыншысы атанған Өзбекстан құрамасының қақпашысы Ангелина Полюшкевич қайтара білді.
Орынбасар Дәуренбекованың шәкірттері келесі ойынын 19 шілде күні Қырғыз Республикасының құрамасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 18:00-де басталады.
Қазақстан - Өзбекстан - 1:1 (1:1)
Голдар: Л.Садықова 10 - Еркинова 21
Қазақстан: Оразбекова, Шолақова, Ташмет (Әбілғазиева 85), Иванова, Кенжетай, Л. Садықова (к), Әйтімбетова, А. Шалмұқанбетова (Махаматова 80), Бурова, Ф. Исмаилова, Көпжанова (Хасенова 52).