ФУТБОЛ: Қазақстан мен Польша құрамы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы алғашқы кездесуін 4 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында Польша құрамасымен өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, біздің команда Е тобында Польша құрамасынан бөлек, Румыния, Черногория, Армения,  Дания құрамаларымен додаға түседі.

Sports.kz сайты екі команданың құрамын жариялады.

Қазақстан: Покатилов, Малый, Кислицын, Қуат, Ахметов, Исламхан, Мужиков, Байжанов, Шомко, Хижниченко, Бейсебеков;

Польша: Фабяньски, Милик, Левандовски, Крыховяк, Рыбус, Глик, Блащиковски, Салямон, Зелиньски, Пищек, Капустка.


Қазақстан - Польша ойыны 4 қыркүйекте Астанада өтеді. Басталуы: 22:00-де.