Футбол: Қазақстан-Молдова 0:1

None
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше Түркияның Анталья қаласындағы «Ататүрік» стадионында футболдан Қазақстан құрамасы мен Молдова құрамасының арасында жолдастық кездесу өтті.

Матчта 1:0 есебімен молдовалықтар жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Молдова құрамасына жеңіс сыйлаған допты ойынның 64-ші минутінде Епуряну соқты. Сөйтіп Қазақстан құрамасы өзінің биылғы маусымдағы алғашқы ойынын жеңіліспен бастады. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүр.