НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан суперкубогы Қостанай қаласында өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, биылғы футбол маусымы 29 ақпанда өтетін суперкубок ойынымен басталады. Бұл бәсекеде былтыр чемпион атанған елордалық «Астана» мен Қазақстан кубогына қол жеткізген Қызылорданың «Қайсар» командалары кездеседі. Матч Қостанай қаласындағы «Тобыл Арена» манежінде өтеді.
Сондай-ақ, бүгін 2020 жылғы Премьер-лига командалары арасындағы ойын күнтізбесі жасалды. Алғашқы тур 7 наурызда өткізіледі. Бұл күні «Астана» мен «Қызылжар», «Қайсар» мен «Ертіс», «Ордабасы» мен «Оқжетпес», «Қайрат» пен «Тараз», «Тобыл» мен «Шахтер», «Каспий» мен «Жетісу» командалары кездеседі.
Бұдан бұрын «Қайсарға» Кабо-Верде құрамасының ойыншысы келгенін хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.