Футбол: Қазақстан U21 құрамасы жолдастық кездесуде Өзбекстан U20 құрамасына есе жіберді

Фото: ҚФФ

АСТАНА. KAZINFORM - Ташкентте өткен матчта Денис Мамонов жаттықтыратын футболшылар Өзбекстанның U20 құрамасынан 1:0 есебімен жеңілді.

Ойынның 84-минутында Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы өз айып алаңында қателесіп, оны 17 нөмірлі жейдедегі футболшы Абдурахмонов оңтайлы пайдаланып, жеңісті голды соғып кетті. 

Бұған дейін жастар Еуро-2027 іріктеуі аясында Андорра (0:1) мен Англиядан (0:2) есебімен жеңілді.

Айта кетейік, қос құрама арасында екінші жолдастық кездесу өтеді. Матч 14 қазанға жоспарланды. 

Бұған дейін Солтүстік Македония құрамасы Қазақстанға қарсы құрамын жариялағанын жазғанбыз.