«Юрий Красножан Нальчик қаласының «Спартак» командасын 11 жыл баптаған маман. Кейіннен 2010 жылдан бастап «Локомотив», «Анжи» және «Кубань» ойыншыларын да жаттықтырған. Ол ойын жүргізу тактикасын өте жақсы меңгерген маман», - деп атап өтті ол.
Юрий Красножан 1963 жылы 7 маусымда Ресейдің Нальчик қаласында дүниеге келген. Түрлі жылдарда Ресейдің «Спартак», «Локомотив», «Анжи», «Кубань, «Терек» командаларын, Ресейдің олимпиадалық құрамасын жаттықтырған.