Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан матчтың алғашқы он минутында екі гол соғылды. Кездесудегі бірінші бұрыштама добын орындаған қазақстандықтар есеп ашты. Бауыржан Исламхан ұсынған пасты Роман Мұртазаев голға айналдырды. Бұл - "Астана" шабуылшысының ел құрамасы сапындағы 10-ойынындағы бірінші нәтижелі соққысы. Мұнан соң Қазақстан құрамасы Бақтиер Зайнутдиновтің көмегімен екінші голын соқты. Оған ресейлік "Уфа" ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет мүмкіндік жасады.
Айта кетейік, жерлестеріміз мажарларға қарсы мына құраммен шықты:
Ненад Эрич (Қ), Дмитрий Шомко, Сергей Малый, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат, Бақтиер Зайнутдинов, Бауыржан Исламxан, Роман Мұртазаев, Еркебұлан Сейдаxмет, Сергей Хижниченко.