Александр Кузнецов жаттықтыратын футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде екінші ойынын Словакиямен өткізіп, тең нәтиже көрсетті. Осылайша алғашқы ұпайына қол жеткізді.
Кездесудің 30-минутында Қазақстан құрамасының капитаны Дінмұхаммед Қашкен алаңнан қуылған болатын. Александр Кузнецов шәкірттері қалған алпыс минут бойы жасыл алаңда он футболшымен ойнап, қарсыластың шабуылына қарсы тұра алды.
Словакия U19 - Қазақстан U19 - 0:0 (0:0)
Ескерту: Денис Петро 30, Доминик Гулаш 47, Владимир Майдан 50, Еркебұлан Сейдахмет 26, Жан-Әлі Пайруз 74, Мәди Жақыпбаев 87.
Алаңнан қуылған ойыншы: Дінмұхамед Қашкен 30
Словакия U19: Фредерик Валах, Владимир Майдан, Самуэл Козловски, Мартин Беднар, Роберт Боженик, Йозеф Шпырка (Адам Бренкус 72), Мартин Вициан, Матей Мошко, Денис Петро, Доминик Гулаш (Матей Грешак 78), Михаль Кралевич (Марьян Хобот 86)
Қазақстан U19: Даниил Устименко, Айбар Нұрдалиев, Айдос Орал (Жан-Әлі Пайруз 68), Еркебұлан Сейдахмет, Гаврил Кан (Нұрәлі Әліп 77), Ерасыл Аманжол, Дінмұхаммед Қашкен, Мұхит Жақсылық (Санжар Батырханов 32), Сағадат Тұрсынбай, Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағнаев.
Төрешілер: Федайи Сан (Швейцария), Кармине Санджованни (Швейцария), Ибрахим Чаглар Уярджан (Түркия), Арда Кардешлер (Түркия).
Енді Қазақстан құрамасы үшінші ойынын 13 қараша күні Уэльске қарсы өткізеді.