Саулюс Ширмялис шәкірттері 25 наурызда Хельсинкиде Финляндия жастар құрамасымен, ал 30 наурызда Таллинде Эстония футболшыларымен кездеседі. «Біз скандинавиялық ойын үлгісін дәріптейтін командалармен ойнамақпыз. Финляндия - бұл Норвегия құрамасмының шағын көшірмесі, біз олармен ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде кездесеміз. Дәл осындай ойын үлгісін эстониялық футболшылар да ұсынады», - дейді қарсыластарды таңдауға қатысты түсінік берген Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялис.
Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде Англия, Норвегия, Швейцария, Босния және Герцеговинамен бір топта ойнайды.