НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 21 жасқа дейінгі жастар арасында 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан құрамасының бір ойыны кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық жастар 8 маусым күні Ақтөбе қаласында түркиялық футболшылармен кездесуі жоспарланған еді. Алайда, Түркия тарапынан аталған ойынды кейінге шегеру туралы ұсыныс түсті.
Соңғы уақытта Түркияда коронавируспен байланысты жағдай күрделеніп кетті. Ол аталған кездесудің мерізімінде өтуіне кедергісін келтіреді. Осыған байланысты UEFA оны 12 қазанда өткізуді жоспарлады.
Айта кетелік, Қазақстан жастар құрамасы алғашқы ойынын 4 маусым күні Ақтөбеде Бельгияға қарсы өткізеді.
Айта кетейік, I тобында сынға түседі. Қарсыластары - Бельгия, Дания, Түркия, Шотландия.
Аталған топтағы іріктеу кезеңі 2022 жылдың 14 маусымында аяқталады.
Финалдық кезеңі 2023 жылдың 9 маусымы мен 2 шілде аралығында Румыния мен Грузияда өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.