Футбол: Қазақстандық қыздардың қарсыластары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА штаб-пәтерінде 17 және 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеребе нәтижесінде 17 жасқа дейінгі құрамамыз 9-шы іріктеу тобына түсіп, Солтүстік Ирландия, Грекия және Швейцария командаларымен күш сынасады. Ал 19 жасқа дейінгі құрамаға тоқталсақ, жеребе бойынша олар 3-ші іріктеу тобында бақ сынап, Израиль, Словения және Швеция құрамаларымен кездеседі.

Жеребе тарту рәсіміне Анна Реймен бірге Норвегия (U-17) құрамасының капитаны Рикке Нюгор және Солтүстік Ирландия (U-19) құрамасының капитаны Эмма Макмастер қатысты. Қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының (U-17) жеребе тарту рәсімінің қорытындысы:

1-ші топ: Чехия, Дания, Украина, Фарер аралдары

2-ші топ: Норвегия, Ресей, Хорватия, Израиль

3-ші топ: Италия, Финляндия, Румыния, Черногория

4-ші топ: Шотландия, Польша, Словакия, Литва

5-ші топ: Англия, Исландия, Әзербайжан, Молдова

6-шы топ: Бельгия, Португалия, Түркия, Андорра

7-ші топ: Ирландия, Сербия, Уэльс, Албания

8-ші топ: Австрия, Беларусь, Словения, Эстония

9-шы топ: Швейцария, Грекия, Солтүстік Ирландия, Қазақстан

10-шы топ: Франция, Венгрия, Босния және Герцеговина, Македония

11-ші топ: Нидерланд, Швеция, Латвия, Грузия

Қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының (U-19) жеребе тарту рәсімінің қорытындысы:

1-ші топ: Англия, Словакия, Хорватия, Мальта

2-ші топ: Швейцария, Түркия, Әзербайжан, Кипр

3-ші топ: Швеция, Словения, Израиль, Қазақстан

4-ші топ: Норвегия, Чехия, Босния және Герцеговина, Грузия

5-ші топ: Финляндия, Венгрия, Молдова, Македония

6-шы топ: Дания, Сербия, Грекия, Лихтенштейн

7-ші топ: Ресей, Австрия, Черногория, Латвия

8-ші топ: Ирландия, Украина, Фарер аралдары, Литва

9-шы топ: Германия, Солтүстік Ирландия, Эстония, Косово

10-шы топ: Нидерланд, Польша, Беларусь, Албания

11-ші топ: Италия, Португалия, Румыния, Болгария

12-ші топ: Бельгия, Исландия, Уэльс, Армения

Өз топтарында 1-ші және 2-ші орын алған және 3-ші орын алған үздік екі команда (1-ші және 2-ші орын алған командаларға қарсы ойналған кездесулер қорытындысы бойынша) Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде бақ сынайды.