Данияр Сахи бастаған отандық төрешілер тобы 2019 жылғы жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирініндегі Молдова мен Сан-Марино құрамалары арасындағы ойынға төрелік етеді. Бас төрешіге қос қапталдан Айдын Тасыбаев пен Сергей Васютин көмектеседі. Төртінші төреші - Арман Есмұратов.
Еске сала кетсек, Молдова U21 - Сан-Марино U21 матчы 10 қыркүйек күні Молдованың Орхей қаласында өтеді.