Кездесудің 27-ші минутында есепті көкшетаулық «Оқжетпес» үшін ойнаған Мирас Тулиев ашты. Ал «Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетов бірінші таймның негізгі уақытының аяқталуына дейін қазақстандық команданың басымдығын арттырды.
Тек ойынның 58-ші минутында қарсылас командадан Харис Хайрадинович жауап добын соғып үлгерді. Қалған уақытта олар гол соға алмады, сөйтіп Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.
7 қыркүйек күні Алматыда орталық стадионда сағат 20.00-де қазақстандық ойыншылар Швейцария құрамасын қабылдайды.