НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Түркияда өтіп жатқан Antalya Cup-2021 халықаралық турнирінде алғашқы ойынды Солтүстік Македония жастарына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық жастарға белгілі маман Қайрат Нұрдәулетов жетекшілік етеді.
Құрамамыз аталған турнирде үш ойын өткізеді. Бүгінгі кездесуде олар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыластар қақпасы маңында жиі шабуылдады. Қазақстандықтар 56, 73-минуттарда гол соқса, оған қарсыластар 80-минутта бір голмен жауап қайырды. Қорытындысында Қазақстан құрамасы Солтүстік Македонияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Енді ел спортшылары екі кездесу өткізеді. Алдымен 26 наурызда Болгария жастарымен сынға түссе, одан кейін 29 наурызда Өзбекстан құрамасымен шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.