Футбол: Қазақстанның әйелдер құрамасы ресейліктермен күш сынасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ресей командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш матч сәуірдің 9-ы, «Астана-Арена» стадионында өтеді. Кездесу кешке сағат 16:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда Қазақстан құрамасы өз тобында бесінші орында жайғасып тұр.