«Борисполь» халықаралық әуежайында Қазақстан құрамасын қазақ диаспорасының өкілдері, қазақстандық студенттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің қызметкерлері қарсы алды.
Ұлттық жалауларын көтеріп, олар спортшыларға жылы лебіздерін білдіріп, мықты украиндық футбол командасына қарсы ойында сәттілік тіледі.
Борисполь әуежайының диспетчерлік қызметі футболшыларды қазақ тілінде құттықтады.