«Антонис Пападопулос» стадионындағы матч 3:1 есебімен аяқталды. Гол соққан жеңімпаз футболшылар: Несторас Митидис, Фанос Кателарис және Димитрис Христофи. Қазақстандықтар арасында соғылған доп Таңат Нүсербаевтың еншісінде.
Қазақстан келесі матчын 26 наурыз күні Ереван қаласында Армения құрамасына қарсы өткізеді. Төрт турдан кейін екі құрама да «Е» тобындағы турнирлік кестенің соңына орналасты. Армяндықтар - бесінші (3 ұпай), қазақстандықтар алтыншы орында (2 ұпай).