10:04, 27 Қыркүйек 2013
Футбол: Қазақстанның жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтсіз бастады
АЛМАТЫ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Футболдан кеше Данияның Эсбьерг қаласында 17 жасқа дейінгілер арасында 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Дания-Қазақстан кездесуі 1:0,
Швейцария-Австралия кездесуі 4:0 есебімен аяқталды. Қазақстандықтар келесі ойынын енді 28 қыркүйекте Швейцария, ал 1 қазанда Австралия аяқдопшыларымен өткізеді. Жалпы Еуропа чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңінде УЕФА қауымдастығына кіретін 54 елдің 52-сі қатысып жатыр. Олар 13 топқа бөлінген. Онда өз тобында 1-2 орын алғандар мен үшінші орын алғандар арасындағы көрсеткіші жоғары команда 2014 жылдың көктемінде қайта кездеседі. Олардың арасынан 7 құрама ғана Мальтадағы ақтық сынға жолдама алады.